22-шІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79
22-шІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79

ATYRAUBUILD 2022: КАСПИЙ МАҢЫ ӨҢІРІНДЕ ЖАҢА ӨТКІЗУ НАРЫҚТАРЫН АШУДЫҢ ЖӘНЕ ЖАҢА СЕРІКТЕСТЕР ТАБУДЫҢ БІРЕГЕЙ МҮМКІНДІГІ

6-8 сәуір аралығында Атырау қаласы 19-шы рет AtyrauBuild Солтүстік Каспий аймақтық Құрылыс және интерьер көрмесін өткізеді. 2022 жылы экспозиция жаңа локацияда – Атырау қаласындағы Абай орталығының аумағында ашылады.

Өз жұмысы барысында AtyrauBuild көрмесі іскерлік кездесулер өткізуге және тиімді келісімшарттар жасасуға арналған, нарықта өз өнімін, эксклюзивті шешімдерін және құрылыс саласындағы жаңа әзірлемелерін ұсынудың тамаша мүмкіндігі бар бірегей алаң мәртебесін алды.

Экспоненттер қатарында AUTODOM MACHINERY, DUSCAFF SCAFFOLDING INDUSTRY LLC, LAYHER, PCA GROUP, «АГРАН» ЖШС сияқты компаниялар бар: құрылыс материалдары, құрылыс жабдықтары мен қызметтері, құрылыс техникасы, сэндвич-панельдер, металл жабынқыш, инженерлік желілер мен жүйелердің құрылғысы, жобалау, қазіргі заманғы қалыпты жүйелер, құрылыс ағаштары, шатыр және қабырға материалдары, экскаваторлар және тағы басқалар.

AtyrauBuild 2022 дәстүрлі түрде бір алаңда Atyrau Oil&Gas 2022 көрмесімен қатар өтеді, оған Беларусь, Қазақстан, Ресей және Америка Құрама Штаттарының 40-тан астам компаниясы қатысады.

Әлемнің түкпір-түкпірінен мұнай-газ және құрылыс индустриясының 1 864 маманы өткен экспо-оқиғаларына қатысты, бұл отандық және шетелдік нарық ойыншыларының осы салаларға деген қызығушылығының артқандығын көрсетеді. Екі көрмені біріктіру жыл сайын нәтижелі синергетикалық әсер береді, бұл іскерлік қарым-қатынастарды реттеуге және Каспий маңы өңірінің неғұрлым басым салаларындағы дамудың өзекті векторларын анықтауға мүмкіндік береді. Бүкіл Қазақстан бойынша құрылыс саласы көрсеткіштерінің жалпы өсу үрдісін назарға ала отырып, Атырау облысы өткен 2021 жылы 2020 жылға қарағанда құрылыс көлемінің 106,2 %-ға тең өсуін көрсетті. (https://stat.gov.kz/)

ҚР ИИДМ деректері бойынша, 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде құрылыс саласында, оның ішінде Каспий маңы өңірінде 16,3 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құра отырып, жалпы сомасы 1 066 млрд теңгеге 165 инвестициялық жобаны іске асыру болжанып отыр. Құрылыс саласының тұрақты өсуі отандық және шетелдік өндірушілердің AtyrauBuild 2022 көрмесіне деген қызығушылығын арттырады.

AtyrauBuild және Atyrau Oil&Gas көрмелерінің іскерлік бағдарламасының контенті мұнай-газ және құрылыс индустрияларының негізгі үрдістерін жария етуге және зерттеуге бағытталған негізгі қатысушы компаниялардың семинарларын қамтиды.

Atyrau Build 2022 көрмесіне қатысу сала мамандарына экспоненттердің технологияларымен және жаңалықтарымен танысуға, өнімнің пайдалану және техникалық сипаттамаларының объективті бағасын алуға мүмкіндік береді.
Atyrau Build 2022 көрмесінің ұйымдастырушысы Атырау облысы әкімдігінің ресми қолдауымен Iteca қазақстандық көрме компаниясы болып табылады.

Толығырақ ақпаратты және стендті сайттан білуге болады: www.atyraubuild.kz

Өткізу күні:
6-8 сәуір 2022 жыл
Өткізу орны:
Қазақстан, Атырау, Әбілқайыр хан даңғылы, 58.