Бұл көрмеге біз алғаш рет қатысып отырмыз, алған әсеріміз өте жақсы. Көрме алаңында келушілер көп, бұл біз үшін қуанышты жағдай, әрі қатысушылардың аудиториясы – біздің мақсатты тұтынушыларымыз. Біз сенімді серіктестер таптық, енді сол серіктестік іске асады деп үміттенеміз. Қазақстанда ауыл шаруашылығы да, құрылыс саласы да белсенді дамып жатыр. Менің білуімше, мемлекет те қазақстандық нарықты қолдап отыр, сәйкесінше, біздің материалдар кеңінен қолданылып жатыр. Қазақстанда біз маңызды жобаларды жүзеге асырған көптеген серіктестермен жұмыс істедік және бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасын табады. Біз мұндай көрмелерге, әсіресе ірі көрмелерге үнемі қатысып тұрамыз, сондықтан бұл шаралар біз үшін ерекше қызықты.