22-шІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79
22-шІ СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АЙМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ
Атырау, Қазақстан
Әбілқайыр хан даңғ. 79

ATYRAUBUILD 2020: КАСПИЙ МАҢЫ АЙМАҒЫНДА САТУДЫҢ ЖАҢА НАРЫҒЫН АШУҒА ЖӘНЕ ЖАҢА СЕРІКТЕСТЕР ТАБУҒА БІРЕГЕЙ МҮМКІНДІК

2020 ЖЫЛДЫҢ 8-10 СӘУІРІ АРАЛЫҒЫНДА АТЫРАУ 19-ШЫ РЕТ ATYRAUBUILD 2020 - СОЛТҮСТІК-КАСПИЙ ӨҢІРЛІК ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ІШКІ КӨРІНІС КӨРМЕСІН ҚАБЫЛДАЙДЫ.

Өз жұмысы барысында AtyrauBuild көрмесі іскерлік кездесулер жүргізу және өз өнімін нарықта ұсынатын керемет мүмкіндікпен пайдалы келісімшарттар жасау, айрықша шешімдер және құрылыс саласында жаңа әзірлемелер алу үшін бірегей алаң мәртебесіне ие болды.

Биылғы жылы көрмеде ұсынылатындар: құрылыс материалдары, құрылыс жабдықтары және қызметтер, құрылыс техникасы, пісіру жабдықтары, сэндвич-панельдер, металл жабынқыш, пішінді қаңылтыр, кеңсе жиһазы, металл жиһаз және есіктер, инженерлік желілер және жүйелер құрылғысы, жобалау, қалыптаудың заманауи жүйелері және көптеген басқалары.

Бүгінгі таңда келесі компаниялар қатысатындарын да растады, олар: Welding Company, ПолимерМеталл-Т, Ульма Опалубка, Ескерт Кызмет Ратледж, TM Construction Group, БВК-Строй, Best Module, Кумру Кымбат, TASCOMshop.kz және басқалар. Жыл сайын экспоненттердің саны жаңа компаниялармен қатар кеңейіп келеді, көрмеге қатысудың оң нәтижесін біздің жыл сайынғы қатысушылар атап өтуде: «Біз Атырау Build көрмесіне екінші жыл қатарынан қатысып келеміз. Көрме жақсы, қызықты. Өткен жылы аталған алаңда көптеген жаңа клиенттер таптық, соның арқасында өз аймағымызда кеңейдік. Осындай оң нәтижелер биылғы жылы да қатысуға ынталандырды»,- деп атап өтті 2019 жылғы «Роберт Бош» компаниясының өкілдері.

Дәстүрлі түрде AtyrauBuild 2020 көрмесі Atyrau Oil&Gas 2020 көрмесімен қатарлас бір алаңда өтеді, оның қатысушылары әлемнің 10 мемлекетінен 100 аса компаниялар. Өткен 2019 жылы екі іс-шараға да дүние жүзінің әр түкпірінен мұнай-газ және құрылыстық индустрияның 1 864 маманы келді, бұл ретте қойылым алаңы алдыңғы жылмен салыстырғанда 30% артты.

Екі экспо-оқиғаны біріктіру бизнес өзара қарым-қатынасын жөнге келтіруге және аталған өңірдің аса басым салаларында дамытудың өзекті векторларын анықтауға мүмкіндік беретін нәтижелі синергетикалық тиімділік береді. Каспий маңындағы құрылыс саласы белсенді өсу сатысында, Атырау облысы бойынша Статистика департаментінің деректеріне сәйкес, 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында тұрғын-үй құрылысына 27,7 млрд теңге инвестиция берілген, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 1,9 есе көп.

2016-2019 жылдары әлеуметтік нысандар, тұрғын-үй және жол құрылысына 130,7 млрд. теңге бөлінген – бұл 255 жоба. Соның ішінде 41 нысан білім беру, 10 денсаулық сақтау, 9 мәдениет және 11 спорт нысандары, сондай-ақ 106 нысан әлеуметтік тұрғын-үй нысаны.

AtyrauBuild және Atyrau Oil&Gas көрмелерінің ресми бөлімдерімен қатар іскерлік бағдарлама шегінде мұнай-газ және құрылыс индустриясының негізгі үрдістерін жарықтандыру және зерттеуге мақсатталған семинарлар мен тақырыптық дөңгелек үстелдер өткізу ұйғарылды.

AtyrauBuid 2020 көрмесіне келу мамандарға технологиялармен және жаңа эскпоненттермен танысуға, өнімдің пайдалану және техникалық сипаттамасының нысанды бағасын алуға мүмкіндік береді.

AtyrauBuild 2020 көрмесінің ұйымдастырушылары Атырау қаласы және Атырау облысының Әкімдігінің ресми қолдауымен Iteca қазақстандық көрме компаниясы.
Өткізілетін күні:
2020 жылғы 8-10 сәуір
Өткізілетін орны:
Қазақстан Республикасы, Атырау қ., Әбілхайыр хан даңғылы, 79, Көрме орталығы.