Солтүстік Каспий аймақтық Құрылыс және интерьерлік көрме

Ресми сәлемдесу 2019

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Мен «GLOBAL OIL&GAS ATYRAU» және «ATYRAU BUILD» халықаралық мұнай-газ көрмесінің қатысушылары мен қонақтарын құттықтап отырғаныма өте қуаныштымын!

Жыл сайын өткізілетін аталған көрме саланың кәсіпқойларына өте тығыз және сапалы ынтымақтасуға ықпал етеді әрі мұнай-газ саласының жалпы дамуының ағымдағы жағдайы мен келешегін талқылайтын орталық болып табылады.

Соңғы он сегіз жыл ішінде оқиға мамандандырылған көрмеден маңызды көп салалық іс-шараға айналды.

Жаһандық бизнестің динамикалық өзгеретін шарттарында халықаралық ынтымақтастық ерекше мағынаға ие. Ал Атырау облысы Каспийдің ірі индустриалдық орталықтарының біріне айналып, өндіріс қарқынын өсіруді жалғастырып, заманауи технологияларды енгізе отырып, шағын және орта бизнесті дамытып, ірі инвесторларды тарта отырып қол жеткізген жетістіктерінде тоқтап қалмайды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 7,5 трлн. теңге сомаға өндірістік өнім өндірілді, инвестициялардың көлемі 3,6 трлн. теңгеден аса соманы құрады, олардың ішінде 1,6 трлн. теңгеден астамы – сыртқы инвестициялар.

Өңір аумағында 1000 аса бірлескен және шетелдік кәсіпорындар құрылып, сәтті жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда облыс әлемнің 50 аса мемлекеттерімен қызметтес.

Атырау облысы Қазақстандағы индустриалды ең дамыған өңірлердің бірі болып табылады. Бұл жерде шетелдік және отандық күрделі қаржы жұмсалымы жинақталған, ол тек қана облыстың емес, сол сияқты жалпы Республикамыздың экономикасының қарқынды өсуін үздіксіз қамтамасыз етеді және оның үлесіне республиканың негізгі капиталына барлық инвестициялардың 28% астам келеді.

Облыс сол сияқты Қазақстан Республикасында өңірлік жалпы өнімнің (ӨЖӨ) көлемі және орташа жалақы бойынша көшбасшы орнында.

Аймақта басым салалардың қатары қалыптасқан. Біз мұнай-химия, мұнай-газды машина жасау, фармацевтика, құрылыс индустриясын дамыту, агроөнеркәсіптік кешен және энергияның баламалы көздері сияқты бағыттарда қызметтес болуға мүдделіміз. Бұл ретте осы салаларды дамытудың драйвері – мұнай-газды сектор болып табылады.

Біздің ниетіміз әлеуметтік-экономикалық дамудың қарқынын сақтап қалу және Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша қажетті шаралар қолдану.

Барлығына көрмеде жемісті жұмыс және өзара пайдалы келісімшарттар тілеймін!

Атырау облысының Әкімі,

Н. Ноғаев


Құрметті қатысушылар мен қонақтар, Қымбатты достар!

Iteca қазақстандық көрме компаниясының атынан және оның ITE (Ұлыбритания) Компаниясы тобының халықаралық серіктестігінің атынан бірінші кезекте Сіздерді қатысқандарыңыз үшін және біздің іс-шараларға қызығушылықтар танытқандарыңыз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер!

18-ші рет Атырау облысы және Атырау қаласы Қазақстанның, Жақын және Қиыр шетелдің мұнай-газ және құрылыс салаларының мамандары үшін іскерлік белсенділік орталығы болып отыр. «Атырау мұнай және газ» Солтүстік Каспий Өңірлік көрмесі, Atyrau Build құрылыс бойынша көрмесі биылғы жылы өзінің жақсы дәстүрін өзгертпей мамандар үшін басты диалогтық алаң, соңғы жетістіктерді көрсетуге арналған және тәжірибе алмасатын бейінді алаң болды.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың атынан біз Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне, Атырау облысының Әкімдігіне, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ға, KAZENERGY Қауымдастығына, KazService – Қазақстанның мұнай сервистік компаниясына, Қазақстандық кеншілер геологтар қоғамына, қатысушы мемлекеттердің дипломатиялық миссияларына ерекше алғысымызды білдіреміз.

Біз өз серіктестерімізге алғыс білдіреміз. Екінші жыл қатарынан қазақстандық негізгі салалық компаниясы «Тенгизшевройл» ЖШС оқиғаның бас серіктесі болып отыр. NCOC стратегиялық маңызды компания және Каспий Құбыр өткізетін консорциум алтын серіктеске айналды. Біздің барлық бейіндік оқиғалардың тұрақты қатысушысы - BORKIT Safety компаниясы көрменің Күміс серіктесі болды. Осы жылдың дебюті – оқиғаның стратегиялық серіктесі – Kaspersky Lab. Ұйымдастырудағы көмектері үшін біз өзіміздің техникалық серіктестеріміз AYACOM және MADCAPS компанияларына, Renaissance Atyrau Hotel ресми мейманханаға алғыс айтамыз.

Іс-шара қатысушылар мен қонақтарға пайдалы нәтиже беретініне біз шынайы сенім артамыз.

Сіздерге Атырау қаласындағы оқиға инновациялық пікірлер мен технологияларды енгізуге, өршіл жобаларыңызға түрткі болсын деген тілек білдіреміз. Осы күндері өсудің және дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашатын өзара пайдалы келісімдерге қолжеткізілсін.

Құрметті қатысушылар, біз Сіздерге сенім артқандарыңыз үшін рахмет айтамыз!

Құрметпен,
Ұймдастыру комитеті